Жаңалықтар


Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі. Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ-нің күзет бөлімінің мамандары 2019 жылдың 25 қыркүйек күні "Райымбек Батыр атындағы" орта мектебіне "Орман өрт қауіпсіздігі" жəне "Қасақана аңшылықты алдын алу іс шаралары"  "Табиғатты қорғау" туралы мектеп ұжымына жəне 9-11 сынып оқушыларына лекция жүргізді.

 2019 жылдың 3-5 қыркүйегінде Катонқарағай ауданы, "Катон – Қарағай" биосфералық резерватында Орталық Азия және Ресей елдерінің биосфералық резерваттарының жас мамандары үшін "Биосфералық резерваттар - қоғам мен қоршаған ортаның үйлесімді дамуының үлгісі ретінде" атты тақырыпта далалық мектеп өткізілді. 02.09.19 ж. бастап 06.09.19 ж. дейін биосфералық резерват базасында іс-шараға ТМД биосфералық резерваттарының өкілдері: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Қазақстан, сондай – ақ Алматыдағы Юнеско бюросының директоры-К. Пиккат және экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі қатысты.

 

22 және 23 тамыз күндері МҰТП-нің ғылыми бөлімі екі телімнің инспекторлік құрамына ғылыми семинар өткізді. Семинардың тақырыбы: «Алтын-Емел МҰТП-нің құстары»: экожүйелердегі маңызы, трофикалық қатынастары, биотоптық таралуы, фенологиялық ерекшеліктері, индикаторлық түрлері, санақ жүргізудің негізгі әдістері (баяндаушы – ғылыми және ақпараттық мониторинг бөлімінің бастығы Р.Хабибрахманов). Сонымен қатар, мемлекеттік инспекторлардан МҰТП-нің Индикаторлық құстардың түрлері бойынша білімдерін сынап, тестілеуден өткізді.

26 тамыз 2019 жылы Басши ауылдық әкімдігінің аппаратында Басши ауылының мекемелерінің («Алтынемел» МҰТП, Басши ауылдық округінің әкімдігі, мәдениет үйі, Райымбек батыр атындағы ОМ, «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы, ауылдық аурухана ) қатысуымен «Парасаттылық пен адалдық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары акциясына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты флешмоб ұйымдастырылды.

2019 жылғы 17 тамыз күні «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінде Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен бірлесіп #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өз жалғасын тапты. Акция барысында 9 насос, Таңбалытас аумағы, Қапшағай суқоймасы жағалауы тазаланды.

МҰТП--ның арқар, құлан және қарақұйрық (а.ғ.қ. Ташибаев Е.) және сирек, жойылып бара жатқан құстарды (к.ғ.қ. Абаев А.) зерттеу бойынша далалық ғылыми шығулар орындалды.